Services

Ұшаққа техникалық қызмет көрсету

ЕАА AW139 тікұшақтарына жоспарлы және жоспардан тыс инспекциялар, ағымдағы және күрделі жөндеу, модификациялар, техникалық шешімдерді әзірлеу, сатуға дейінгі дайындық, тікұшақтың жағдайын және техникалық құжаттамасын бағалау мен талдау бойынша сапарлар, сондай-ақ әуе кемелеріне қосымша жабдықтарды келісім бойынша орнату қызметтерінің толық спектрін ұсынады.

Білікті инженерлеріміз бен заманауи техникалық базамыз жоғары қауіпсіздік және сапа стандарттарына сәйкес ауыр техникалық инспекцияларды (Heavy Base Maintenance) жүргізуге мүмкіндік береді. Біз ұшулардың сенімділігі мен қауіпсіздігін өндірушінің техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулығын қатаң сақтай отырып және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолдану арқылы қамтамасыз етеміз.

Техникалық қызмет көрсетуге тапсырыс беруге қатысты барлық сұрақтар бойынша – project@eaa.kz