ЧАРТЕРЛІК РЕЙСТЕР
«Еуро-Азия Эйр» көмегімен ең ыңғайлы ұшақтармен саяхаттаған кезде жаңа әсерлерге бөленесіз. Біз әуе кемесінің бортында таңдаулы қызметтер ұсынамыз, бұл біздің клиенттерімізге ұшу уақыты туралы ойланбауға мүмкіндік береді. Біздің флоттың гауһары-Embraer Legacy 650, сыйымдылығы 13 жолаушыға дейін, кең салонмен, сыйымды багаж бөлігімен, заманауи байланыс және ойын-сауық жүйесімен жабдықталған.
Бізбен сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта саяхаттай аласыз. Іскерлік кездесу немесе демалысқа сапар «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясымен бірге ұмытылмас болады. Біз клиенттің тілектерін ескере отырып, жеке рейстерді ұйымдастырамыз.
Біздің артықшылықтарымыз:
- Клиенттерге жеке көзқарас
Ұшуды кестеңізге сәйкес жоспарлаңыз. Біз сізге қажетті маршрутты таңдаймыз. Біз тіпті ең шұғыл жағдайлар үшін де ұшуды тез ұйымдастырамыз. - Кәсіби экипаж
Маршруттың әр кезеңінде сіз сервис пен қызмет көрсетудің максималды деңгейін сезінесіз. Тәжірибелі ұшқыштар мен стюардессалар тобы сіздің ұшуыңызды ыңғайлы және қауіпсіз етеді. - Борттағы жайлылық пен ыңғайлылық
«Еуро-Азия Эйр» ұшақтары ерекше атмосферамен ерекшеленеді. Ыңғайлы креслолар мен ұйықтайтын орындар, премиум тоқыма бұйымдары мен ыдыс-аяқтар рейсіңізге керемет сән береді. Сонымен қатар, сіз жоғары жылдамдықты интернет (сұраныс бойынша), мультимедиялық жүйелер, спутниктік байланыс, планшеттер, үстел ойындары мен жаңа басылымдарды ала аласыз. - Қосымша қызметтер
«Еуро-Азия Эйр» командасы – бұл әуежайға дейін және келген кезде трансфер ұйымдастыра алатын, премиум санатты автокөлікті жалға алып беретін сіздің жеке кеңесшіңіз. Ал біздің консьерж – сервис сіздің кез келген мәседеңізді шешеді.