Бүгінгі таңда біздің Авиакомпания теңіз бұрғылау қондырғыларына ұшуға қабілетті, International Oil and Gas Producers Association (IOGP) стандарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасындағы жалғыз авиакомпания болып табылады.
«Еуро-Азия Эйр» -арсеналында 6 Embraer Legacy 650 ұшағы және 2 Agusta Westland AW-139 тікұшағы бар, қарқынды дамып келе жатқан компания. Жоғары білікті ұшу және инженерлік құрам, сондай-ақ 24/7 жұмыс істейтін диспетчерлік қызмет толығымен біздің Клиенттерімізге қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетуге бағытталған.
Біздің миссиямыз
Жолаушылардың өздерін сенімді әрі құрметке лайық сезінуі үшін қауіпсіз әуе рейстерін қамтамасыз етіп, біріншісанатты қызмет көрсету.
Біздің көзқарасымыз
Әуе компаниямызды дамыту – авиациялық қызмет түрлерін әртараптандыру және халықаралық деңгейде танылған, қауіпсіздік пен сервис сапасы бойынша жоғары стандарттарды ұстанатын әуекомпания ретінде өз орнымызды нығайту.
Біздің мақсаттарымыз
- Ұшу сапасы мен қауіпсіздігі бойынша ең жоғары стандарттарды сақтауға бағытталған процестерді қолдау және үздіксіз жақсарту.
- Жаңа нарықтарды игеру үшін авиакомпанияның әуе кемелері флотын тұрақты дамыту және ұлғайту.
- Бизнесті әртараптандыру және қызметтер портфелін кеңейту.
Біздің артықшылықтарымыз
Халықаралық қауіпсіздік стандарттары
Біз өз қызметімізде мынадай жетекші халықаралық талаптарға толық сәйкес жұмыс істейміз:
- IOGP – International Association of Oil & Gas Producers
- SGRAO – Shell Group Requirements for Aircraft Operations
Авиақызметтердің кең спектрі
- Әуе кемелері мен тікұшақтармен жоспарлы коммерциялық рейстер
- Арнайы рейстер: медициналық эвакуация және іздестіру-құтқару операциялары
Жоғары деңгейдегі техникалық қызмет
- Әуе кемелері өндіруші мақұлдаған халықаралық сервис орталықтарында ғана қызмет көрсетіледі
- 12 айлық тексеріске дейінгі желілік техникалық қызметті дербес орындау сертификаты бар
- Leonardo AW139 тікұшақтарына толық техникалық қызмет көрсету мүмкіндігі
Өзіміздің техникалық инфрақұрылым
- CAMO (Ұшуға жарамдылықты қолдау ұйымы) жүйесі ішкі ресурстармен басқарылады
- Алматы және Атырау қалаларында желілік және базалық техникалық қызмет көрсету станциялары бар
Білікті ұшқыштар құрамы
Ұшқыштар құрамында халықаралық және отандық тәжірибесі бар, күрделі операцияларға дайындалған кәсіби мамандар жұмыс істейді.
Қиын өңірлерде рейстерді орындау
Біз ең күрделі тау аймақтарына рейстерді табысты жүзеге асырамыз, соның ішінде:
- Катманду (Непал)
- Самедан (Швейцария)
Тәулік бойы жұмыс істейтін басқару орталығы
Біздің Операциялық басқару және рейстерді ұйымдастыру орталығымыз тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Бұл барлық рейстердің нақты уақыттағы бақылауын, үйлестіруін және жедел шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.